Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп тарихы

Автор: admin от 12-05-2016, 04:23, посмотрело: 1114

3

 

Мектеп тарихынан

 

   Бұрынғы Қызылқұм ауданының колхозы 1946-47 жылдарда Үш Тоғай веткасындағы Госфондының жеріне мақта еккен (қазіргі ХХХ жылдық Октябрь совхозының №3 бөлімшесінің жеріне ) 1947 жылы күзде ол жерде Октябрдің ХХХ жылдық совхозы құрылып, ондағы оқуды жүргізіп жатқан А. С. Пушкин атындағы орталау мектеп, директоры А. Оспанов қаңтар айын аяқтап 1948 жылдың ақпан айында Қызылқұм ауданының жаңа қонысына (қазіргі ХХ Пардсъезд) жаяулай , арбалап мектеп көшірілді. Мектептің жоғарғы кластары (он колхоздың Қызылқұм

МТС-тің конторы , отын сарай, землянкаларында (жертөлелерінде) үлкен қойма жанында болды да, оқу жылын Бейсен, Айтуған, Досақ деген кісілердің жер үйлерінде аяқтады. Бастауыш кластар үшін Ворошилов, Еңбекші, 1- Май, Сталин колхоздарынан мақта пункттен , Алғабастан, Қызылқұм МТС жанынан   филиалдар ашылып, Пушкин орталау мектебінің қамтуында болды. 1-май колхозындағы филиалда 1-4 кластарда Тұралы Сұлтанов оқытушы болды. Пушкин орта мектебінің жоғарғы бес колхоз балаларына қарайтын оқу ісінің меңгерушісі Жақсылықов болды да, төменгі бес колхоз балаларына қарайтын оқу ісінің меңгерушісі М. Айнабеков болды.

   1949 жылы гректер көшіп келді де, 5-6 орыс кластары ашылып, Алғабас колхозынан бес бөлмелі үй салынып, (ұсталар Ақтөбе бөлімшесінен Ботпай, Әбен дегендер болды ) орыс кластарында сабақ өтілді. Сол жылы Обл. ОНО-ның алдына мәселе қойылып, Обл. ОНО орынбасары Пакровский, Зав. Рай. ОНО жолдас Мәмбеталиев директор Ә. Өскенов, селсовет төрағалары Сыдықова, Омаров, Дәржановалар болып жаңа орталау мектебі   1-май колхозынан салыну керек деп тапты. Оны аудан басшылары мақұлдады. Обл ОНО Рай. ОНО-ның бұйрығымен Ә. Өскеновке тапсырылды. Мектеп 1951 жылы бітті. Сол жылы тамызда 1-май орталау мектебі деп аталып, Пушкин атындағы орталау мектептен бөлініп шықты да, 1-май орталау мектебінің директоры болып Киров ауданының бір қатар мектептерінде директор болып істеген жолдас Ябек Есенбеков ауысып келді.

1953-54 жылында Шардарадан 1-май мектебінің орнына Ленин атындағы орта мектеп көшіп келді. Ол кезде 1-май мектебіне Шардара совхозындағы орталау мектебінде Айнабеков кейін Әліпбаевтар директор болған мектеп келіп қосылды да, Ленин мектебі болып аталды.

   1962-69 жылдары Ленин мектебі Мақталы орталау мектебінің орнына көшіп кетті. 1-май мектебі орталау мектебі болып қалды.

1962-63 жылдары оқу жылынан орталау мектептер 8-жылдыққа айналды. 1963-64 жылы оқу жылынан бастап, 1-май 8-жылдық мектебінде Есалиев директор болып, 1964 жылдан бастап мектеп мөрін 1-май етіп өзгертті.

1969 жылы Ябек Есенбеков қайтадан директор болып келді. Оқу ісінің меңгерушісі Омаров Көшер болды. 1971 жылғы оқу жылынан бастап оқу ісінің меңгерушісі болып Ғаниев Көбей атқарды. Омаров Көшер Ленин атындағы орта мектепке оқу ісінің меңгерушісі болып ауысты.

1974 жылы мектеп директоры болып Шаменов Құрал қызмет істеді.

       Я. Есенбеков Киров атындағы орталау мектебіне ауысты. 1980 жылы Тасқұлов Ынтықбай мектеп директоры қызметін атқарды. Келесі оқу жылында мектеп директоры қызметін Абсаматов Ақбай атқарды. 1987 жылы оқу ісінің меңгерушісі қызметін Байтөреев Батыр атқарды.

1988 жылы 18 шілде айында Сапарбаев Тәжібек атқарды. Оқу ісінің меңгерушісі Әлиева Рабиға болды.

  1992-94 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін осы мектептің түлегі Құралов Сәбит атқарды. Оқу ісінің меңгерушісі қызметін Байтөреева Гүләйім атқарды.

   1994 жылы 30-наурыз айынан қазіргі уақыттарда «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен және «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медалімен марапатталған Имантаева Әсия мектеп директоры қызметін атқарып келеді. 1995 жылы оқу жылынан бастап оқу ісінің меңгерушісі Бөріқұлов Молдасейіт ағай атқарып келеді.

Өскелең ұрпақтың бойына білім мен тәрбиені қатар беріп келе жатқан мектеп басшыларын мақтан етуге болады. Атап айтсақ: директордың оқу ісі бойынша орынбасарлары Бөріқұлов Молдасейіт «Аға мұғалім», Әбубакиров Мамбетберді облыстық олимпиада жүлдегері «Ұстаздардың ұстазы» құрмет грамотасының иегері, ал оқу тәрбие жөніндегі орынбасарлары : Әліпбаева Дүниезада «Қазақстан Республикасының Білім үздігі», Қабылбекова Құралай Мақтарал ауданының «Құрметті азаматы», директордың инновация ісі жөніндегі орынбасары Имантаев Бауыржан «Өнерлі ұстаз» сайысының жүлдегері болса, жас психолог Тұратова Бақтыгүл   «Үздік мұғалім-2009» грамотасымен марапатталған.Сонымен бірге өз ісінің білікті маманы атанған пән мұғалімдеріміз Сейтбекова Раиса Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері болса, Смадиярова Әсия «Шығармашыл ұстаз» сайысының жүлдегері және «Қазақстан тарихын қосымша оқытудың әдістері» бағдарламасының авторы , Шаңырақ өткен өткелдер ғылыми жұмысының жетекшісі.

2013жылдың 19 қыркүйегінен бастап мектебімізде оқу ісі меңгерушісі қызметін атқарып келген Абубакиров Мәмбетберді Асанұлы мектеп директоры қызметіне ауыстырылды. 2015-2016 оқу жылында  мектебімізде 725 оқушы білім алуда.

 

Категория: Мектеп дәстүрі