» Страница 2

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп әкімшілігі

Автор: admin от 12-05-2016, 04:45, посмотрело: 576

1

Мектеп директоры

 

Абубакиров Мамбетберді Асанұлы

 

 Қызметі- Мектеп директоры.

 Туылған жылы: 12.12.1973ж. Бітірген оқу орны- ОҚМУ.

 Мамандығы:   тарихшы

 


 

Директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары

 

 

 

Туратова Бақтыгуль Туяковна

 

Қызметі- директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары.

 

Туылған жылы: 30.09.1971ж. Бітірген оқу орны- СырУ.

 

Мамандығы:   Педагог-психолог 


 

 

Директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары

 


 

 

 

Дауренбекова Гульзира Сейдахановна

 

Қызметі- директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары.

 

Туылған жылы: 10.10.1974ж. Бітірген оқу орны- КазЖенПИ.

 

Мамандығы:   Химия-биология пәні мұғалімі 

 

 

Директордың  оқу ісі бойынша орынбасары


 


Умарова Гулзада Исламқызы

 

Қызметі- директордың  оқу ісі  бойынша орынбасары.

 

Туылған жылы: 10.03.1976ж. Бітірген оқу орны- ШПИ.

 

Мамандығы:   Бастауыш сынып. 


 

Директордың  оқу ісі бойынша орынбасары

 

Мендикулов Нурмаганбет Тазабекович

 

 

Қызметі- директордың  оқу ісі бойынша орынбасары.

 

Туылған жылы: 15.03.1991ж. Бітірген оқу орны- КазҰУ.

 

Мамандығы:   Физика пәні мұғалімі


 

Категория: Әкімшілік

 

Я.Есенбеков атындағы №59 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімдері жайлы жалпы мәліметі

Автор: admin от 12-05-2016, 04:32, посмотрело: 1265

2
[/center][center]

р/с

АТЫ ЖӨНІ, ИИН

Диплом бойынша мамандығы

Оқытатын пәні

Жұмыс өтілі

1

АБУБАКИРОВ МАМБЕТБЕРДИ АСАНОВИЧ

тарих

директор тарих

25

2

СПАЕВА АНАР НАСИРОВНА

математика

математик

30

3

ШАГДАРОВА ГУЛНАРА СЕРИКБАЕВНА

химия және биология

химия

24

4

ДАУРЕНБЕКОВА ГУЛЬЗИРА СЕЙДАХАНОВНА

ДДТІЖО биолог.

биология

21

5

АЛИПБАЕВА КАРЛЫГАШ КУТТЫБЕКОВНА

қазақ тілі және әдебиет

қазақ тілі

22

6

СЕЙТБЕКОВА АКМАРАЛ СЕЙДАХАНОВНА

математика

математика

22

7

СМАДИЯРОВА АСИЯ ТУЙМЕБАЕВНА

тарих

тарих

25

8

ТОГАЙХАНОВА БОЛДЫКЫЗ ДЖАКСЫЛЫКОВНА

қазақ тілі және әдебиет

қазақ тілі және әдебиет

26

9

БИБЕКОВА МАДИНА АСИЛХАНОВНА

орыс тілі

орыс тілі

25

10

БЕКМУРЗАЕВА ХАПИПА САНСИЗБАЕВНА

бастауыш сынып

бастауыш сынып

38

11

КАКАРМАНОВ ЕСЕНГАЛИ АГАЙДАРУЛЫ

тарих,құқық экономика негіздері

АӘД оқытушы және ұйымдастырушы

27

12

ЖАМЕДИНОВА ГУЛЬМИРА САЗАНОВНА

тарих

тарих әлеуметтік пед

27

13

СЛАНБЕКОВ МАРАТ МУСАХАНОВИЧ

денешынықтыру

денешынықтыру

22

14

МУРАТОВА КУЛЖАМИЛА КУАНДЫКОВНА

технология

технология

31

15

АМАНОВА ЕЛМИРА САДЫХАНҚЫЗЫ

бастауыш сынып

бастауыш сынып

27

16

УМАРОВА ГУЛЗАДА ИСЛАМОВНА

бастауыш сынып

ДОІЖО бастауыш сынып

20

17

БЕКМУРАТОВА НУРЖАМАЛ АЛТЫНБЕКОВНА

орыс тілі

орыс тілі

34

18

ШОИБЕКО1ВА ФАТИМА ИБРАИМОВНА

қазақ тілі және әдебиет

қазақ тілі және әдебиет

25

19

ЗУЛПИБЕКОВА САПАРКУЛ АБЛАЕВНА

ағылшын тілі

ағылшын тілі

16

20

БАХРАМОВА ГУЛЗИРА БУРХАНОВНА

ағылшын тілі

ағылшын тілі

11

21

БАЙЫМБЕТОВА НАЗИКУЛЬ САРСЕНБАЕВНА

математика

математика

17

22

АРЫСТАНОВ СЕРИК АБДРАШОВИЧ

информатика

информатика

11

23

ТУРСОВ АШИРБАЙ КУЛПИДИНОВИЧ

денешынықтыру

денешынықтыру

17

24

АБУБАКИРОВ ИМАНБЕРДИ АСАНОВИЧ

технология

технология

24

25

КАМБАРОВА НАЗИРА АНАШБЕКОВНА

технология

технология

23

26

КУРАЛОВ МУХИТ ТОКТАРОВИЧ

ән саз

ән саз

19

27

ТУРАТОВА БАХТЫГУЛЬ ТУЯКОВНА

педагог-психолог

ДТІЖО өзін-өзі т

24

28

БЕКТОРАЗОВА БАГИЛА ЖУМАСЕЙТОВНА1

бастауыш сынып

бастауыш сынып

23

29

ЕЛЕУСИЗОВА ЖАНАТ АЛИБЕКОВНА

бастауыш сынып

бастауыш сынып

26

30

АЛИМБАЕВА АКЕРКЕ БИМАХАНОВНА

бастауыш сынып

бастауыш сынып үйде оқыту

32

31

ФАЗИЛОВА ЖАЙНА АМЗЕЕВНА

бастауыш сынып

бастауыш сынып

21

32

ИБРАЕВА ГАЗИЗА ЕРКИНБЕКОВНА

бастауыш сынып

бастауыш сынып

21

33

МЕНДИКУЛОВ НУРМАГАМБЕТ ТАЗАБЕКОВИЧ

физика

ДОІЖО физика

6

34

КУРМАНАЛИЕВ КЫЛЫШБЕК АЙБЕКОВИЧ

информатика

информатика

8

35

КАРИМКУЛОВА ГУЛЖАМАЛ АБДУМАНАБОВНА

бастауыш сынып

бастауыш сынып

12

36

АЙТЕКОВА САУЛЕ АБДИРАЗЗОКОВНА

математика

математика

7

37

ТАНАБАЕВА МАКПАЛ КУРМАНГАЛИЕВНА

биология

биология

8

38

АСТАЕВА БАЛЗИРА БЕГИМХАНОВНА

бастауыш сынып

бастауыш сынып

15

39

БЕКТАСОВ МЕРЕЙ ДАУЛЕТУЛЫ

география

қосымша пед

5

40

МРАЛИЕВ УМИРЗАК САТТАРОВИЧ

денешынықтыру

денешынықтыру

5

41

БАЙЖИГИТОВ БАЗАРБАЙ МИРЗАБАЕВИЧ

денешынықтыру

денешынықтыру

4

42

ЕСИРКЕПОВА ГУЛЬБАДАМ ПАРХАТОВНА

ағылшын тілі

ағылшын тілі

4

43

КАЛШОРАЕВА ГУЛЬНАРА АЛИКУЛОВНА

география

география

4

44

ШАКИРОВА ПЕРИЗАТ

бастауыш сынып

бастауыш сынып

4

45

КАДЫРКУЛОВА ГУЛНУР ЗАИНАБУДИНОВНА

бастауыш сынып

баст сын үйде оқыту іс жург.

11

46

ТОЙЫМБЕТОВА АЙГУЛ ШАХАНБАЕВНА

тарих

тарих

3

47

ОРЫНБЕКОВА УЛБОСЫН

орыс тілі

орыс тілі

1

48

АБУОВА ЖИЕНКУЛ

бастауыш сынып

қосымша пед бастауыш сынып

8

49

БЕЙСЕНОВ ПОЛАТХАН

технология

шеберхана мең технология

12

50

БУЛАНБАЕВА ГУЛНАЗ

бейнелеу өнері және сызу

зертханашы сызу

4,8

51

ЕЛІБАЕВА НАГИМА КЫДЫРБАЕВНА

технология

тәлімгер

17

52

УРМАНОВА КАЛАМПЫР

тарих

хатшы

28

53

ЕШМУРЗАЕВА ЕЛМИРА АМАНКУЛОВНА

педагог-психолог

педагог-психолог

6

54

МУРАТОВА АНАРГУЛ САЛЫКБАЕВНА

кітапханашы

кітапхана меңгеру

29

55

МАНКАРАЕВ МЕЙРАМ ИСКАКОВИЧ

кәсіптік оқыту

қосымша пед

7,4

56

СМАДИЯРОВА НУРАЙ

педагог-психолог

педагог-психолог

57

БЕГМАНОВА УЛСЕРИК

педагогика және психология

қосымша пед

3

58

БОТАБЕКОВА АЯУЛЫМ КӨБЕЙБАЕВНА

тарих,құқық экономика негіздері

қосымша пед

2

59

ДЖАЛИЕВА АКМАРАЛ ПАТРУЛЛАЕВНА

биология

зертханашы

16

60

МЕДЕТБАЕВ АЗИМБЕК ЕЛМЫРЗАҰЛЫ

АӘД

зертханашы

6

61

СЫДЫКОВА ФАТИМА ЖАСУЗАКОВНА

биология

зертханашы

4,4

62

ШОРАБЕКОВА АКБОТА ЖАНБЫРБАЕВНА

бастауыш сынып

зертханашы

4

63

АҒАБЕКҰЛЫ МҰХИТ

тарих,құқық экономика негіздері

зертханашы

10

64

ПУЛАТОВА НАЗИРА МАЙЛЫБАЕВНА

бастауыш сынып

МАД тобы

9

65

ЖУРКАБАЕВА АЙГЕРИМ НАХИПХАНОВНА

бастауыш сынып

МАД тобы

2

66

МАШИРОВ ДАРИНБАЙ НАМАЗБАЕВИЧ

инженер механик

ДШІЖО

32


Категория: Мұғалімдер

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 12-05-2016, 04:23, посмотрело: 1111

3

 

Мектеп тарихынан

 

   Бұрынғы Қызылқұм ауданының колхозы 1946-47 жылдарда Үш Тоғай веткасындағы Госфондының жеріне мақта еккен (қазіргі ХХХ жылдық Октябрь совхозының №3 бөлімшесінің жеріне ) 1947 жылы күзде ол жерде Октябрдің ХХХ жылдық совхозы құрылып, ондағы оқуды жүргізіп жатқан А. С. Пушкин атындағы орталау мектеп, директоры А. Оспанов қаңтар айын аяқтап 1948 жылдың ақпан айында Қызылқұм ауданының жаңа қонысына (қазіргі ХХ Пардсъезд) жаяулай , арбалап мектеп көшірілді. Мектептің жоғарғы кластары (он колхоздың Қызылқұм

МТС-тің конторы , отын сарай, землянкаларында (жертөлелерінде) үлкен қойма жанында болды да, оқу жылын Бейсен, Айтуған, Досақ деген кісілердің жер үйлерінде аяқтады. Бастауыш кластар үшін Ворошилов, Еңбекші, 1- Май, Сталин колхоздарынан мақта пункттен , Алғабастан, Қызылқұм МТС жанынан   филиалдар ашылып, Пушкин орталау мектебінің қамтуында болды. 1-май колхозындағы филиалда 1-4 кластарда Тұралы Сұлтанов оқытушы болды. Пушкин орта мектебінің жоғарғы бес колхоз балаларына қарайтын оқу ісінің меңгерушісі Жақсылықов болды да, төменгі бес колхоз балаларына қарайтын оқу ісінің меңгерушісі М. Айнабеков болды.

   1949 жылы гректер көшіп келді де, 5-6 орыс кластары ашылып, Алғабас колхозынан бес бөлмелі үй салынып, (ұсталар Ақтөбе бөлімшесінен Ботпай, Әбен дегендер болды ) орыс кластарында сабақ өтілді. Сол жылы Обл. ОНО-ның алдына мәселе қойылып, Обл. ОНО орынбасары Пакровский, Зав. Рай. ОНО жолдас Мәмбеталиев директор Ә. Өскенов, селсовет төрағалары Сыдықова, Омаров, Дәржановалар болып жаңа орталау мектебі   1-май колхозынан салыну керек деп тапты. Оны аудан басшылары мақұлдады. Обл ОНО Рай. ОНО-ның бұйрығымен Ә. Өскеновке тапсырылды. Мектеп 1951 жылы бітті. Сол жылы тамызда 1-май орталау мектебі деп аталып, Пушкин атындағы орталау мектептен бөлініп шықты да, 1-май орталау мектебінің директоры болып Киров ауданының бір қатар мектептерінде директор болып істеген жолдас Ябек Есенбеков ауысып келді.

1953-54 жылында Шардарадан 1-май мектебінің орнына Ленин атындағы орта мектеп көшіп келді. Ол кезде 1-май мектебіне Шардара совхозындағы орталау мектебінде Айнабеков кейін Әліпбаевтар директор болған мектеп келіп қосылды да, Ленин мектебі болып аталды.

   1962-69 жылдары Ленин мектебі Мақталы орталау мектебінің орнына көшіп кетті. 1-май мектебі орталау мектебі болып қалды.

1962-63 жылдары оқу жылынан орталау мектептер 8-жылдыққа айналды. 1963-64 жылы оқу жылынан бастап, 1-май 8-жылдық мектебінде Есалиев директор болып, 1964 жылдан бастап мектеп мөрін 1-май етіп өзгертті.

1969 жылы Ябек Есенбеков қайтадан директор болып келді. Оқу ісінің меңгерушісі Омаров Көшер болды. 1971 жылғы оқу жылынан бастап оқу ісінің меңгерушісі болып Ғаниев Көбей атқарды. Омаров Көшер Ленин атындағы орта мектепке оқу ісінің меңгерушісі болып ауысты.

1974 жылы мектеп директоры болып Шаменов Құрал қызмет істеді.

       Я. Есенбеков Киров атындағы орталау мектебіне ауысты. 1980 жылы Тасқұлов Ынтықбай мектеп директоры қызметін атқарды. Келесі оқу жылында мектеп директоры қызметін Абсаматов Ақбай атқарды. 1987 жылы оқу ісінің меңгерушісі қызметін Байтөреев Батыр атқарды.

1988 жылы 18 шілде айында Сапарбаев Тәжібек атқарды. Оқу ісінің меңгерушісі Әлиева Рабиға болды.

  1992-94 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін осы мектептің түлегі Құралов Сәбит атқарды. Оқу ісінің меңгерушісі қызметін Байтөреева Гүләйім атқарды.

   1994 жылы 30-наурыз айынан қазіргі уақыттарда «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен және «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медалімен марапатталған Имантаева Әсия мектеп директоры қызметін атқарып келеді. 1995 жылы оқу жылынан бастап оқу ісінің меңгерушісі Бөріқұлов Молдасейіт ағай атқарып келеді.

Өскелең ұрпақтың бойына білім мен тәрбиені қатар беріп келе жатқан мектеп басшыларын мақтан етуге болады. Атап айтсақ: директордың оқу ісі бойынша орынбасарлары Бөріқұлов Молдасейіт «Аға мұғалім», Әбубакиров Мамбетберді облыстық олимпиада жүлдегері «Ұстаздардың ұстазы» құрмет грамотасының иегері, ал оқу тәрбие жөніндегі орынбасарлары : Әліпбаева Дүниезада «Қазақстан Республикасының Білім үздігі», Қабылбекова Құралай Мақтарал ауданының «Құрметті азаматы», директордың инновация ісі жөніндегі орынбасары Имантаев Бауыржан «Өнерлі ұстаз» сайысының жүлдегері болса, жас психолог Тұратова Бақтыгүл   «Үздік мұғалім-2009» грамотасымен марапатталған.Сонымен бірге өз ісінің білікті маманы атанған пән мұғалімдеріміз Сейтбекова Раиса Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері болса, Смадиярова Әсия «Шығармашыл ұстаз» сайысының жүлдегері және «Қазақстан тарихын қосымша оқытудың әдістері» бағдарламасының авторы , Шаңырақ өткен өткелдер ғылыми жұмысының жетекшісі.

2013жылдың 19 қыркүйегінен бастап мектебімізде оқу ісі меңгерушісі қызметін атқарып келген Абубакиров Мәмбетберді Асанұлы мектеп директоры қызметіне ауыстырылды. 2015-2016 оқу жылында  мектебімізде 725 оқушы білім алуда.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Тәуелсіздікке 25 жыл

Автор: admin от 12-05-2016, 03:55, посмотрело: 698

0

Категория: Мектеп

 
 

Жоғарғы оқу орындары

Автор: admin от 12-05-2016, 03:40, посмотрело: 1139

0

 

 

 
Айырықша мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындар (ұлттық):

Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Алматы
Қазақ ұлттық аграрлық университеті Алматы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Алматы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті Астана
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті Алматы


Акцияланған жоғары оқу орындар
 
Қазақ гуманитарлық-заң университеті Астана
Қазақ спорт және туризм академиясы Алматы
Қазақстандық менеджмент, экономика және болжам институты Алматы
Қазақстандық-Британдық техникалық университеті Алматы
Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Алматы
Алматы қаласының энергетика және байланыс институты Алматы
М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және байланыс академиясы Алматы
О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған қаласының университеті Қарағанды облысы
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Астана
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті Алматы
Халықаралық білім беру корпорациясы (КАЗГАСА) Алматы

 
Жекешелендірілген жоғары оқу орындар
 
«Сырдария» университеті ОҚО
Қазақ қаржы - экономикалық институты ШҚО
Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы Алматы
Қазақ технология және бизнес университеті Астана
Қазақ хабарлама жолдары университеті Алматы
Қазақ-орыс халықаралық университеті Ақтөбе облысы
Қазақстан-Неміс университеті Алматы
Қазақстан-Ресей университеті Астана
Қазақстандық инженерлік-технологиялық университеті Алматы
Қазақстандық медициналық университеті Алматы
Қазақстандық Халықтар достығы университеті ОҚО
Қазақстандық экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті Астана
Қазақстандық «Парасат» көпбағытты институты Алматы
Қазақстандық-Американдық Еркін университеті ШҚО
Қарағанды қаласының Қазақстандық тұтынушылық кеңесінің экономикалық университеті (Карагандинский экономический университет Казпотребсоюза) Қарағанды облысы
Қарағанды қаласының бизнес, басқару және құқық университеті Қарағанды облысы
Қостанай қаласының Зұлқарнай Алдамжар атындағы әлеуметтік-техникалық университеті Қостанай облысы
Қызылорда қаласының гуманитарлық университеті Қызылорда облысы
Қызылорда қаласының «Сейхун» академиясы Қызылорда облысы
Ақтөбе қаласының «Дүние» Ақтөбе облысы

 
Мемлекеттік жоғары оқу орындар
 
Қ. Жұбанова атындағы Ақтөбе қаласының мемлекеттік университеті Ақтөбе облысы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты Алматы
Қазақ мемлекеттік медициналық академиясы Астана
Қарағанды қаласының мемлекеттік индустриалдық университеті Қарағанды облысы
Қарағанды қаласының мемлекеттік медициналық академиясы Қарағанды облысы
Қарағанды қаласының мемлекеттік техникалық университеті Қарағанды облысы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда қаласының мемлекеттік университеті Қызылорда облысы
Қостанай қаласының мемлекеттік педагогикалық институты Қостанай облысы
Ақтөбе қаласының мемлекеттік педагогикалық институты Ақтөбе облысы
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай қаласының мемлекеттік университеті Қостанай облысы
Алматы қаласының технологиялық университеті Алматы
Атырау қаласының мұнай және газ институты Атырау облысы
Атырау қаласының Халел Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеті Атырау облысы
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік техникалық университеті ШҚО
Е.А. Букетов атындағы Қарағанды қаласының мемлекеттік университеті Қарағанды облысы
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан облысының аграрлық-техникалық университеті БҚО
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университеті Алматы облысы
М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университеті ОҚО
М. Х. Дулати атындағы Тараз қаласының мемлекеттік Университеті Жамбыл облысы
Манаш Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университеті СҚО

 
Халықаралық жоғары оқу орны

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті ОҚО
 
 

Категория: Оқушыларға

 

Ата-аналарға кеңестер

Автор: admin от 12-05-2016, 03:30, посмотрело: 1187

1
 

 

Ата-ананың мектептегі алатын орны:

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.

Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген.
Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.

 
 


Ата-аналарға кеңестер


 

 

 

Сынып жетекшінің міндеті:
 
1. Ата-аналармен тығыз байланыста болу;
2. Оқушыларды, ата-аналарды сыныптық және қоғамдық ұжымдардың іс-шараларына тарту;
3. Әр оқушының жеке басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан-жақты бақылап, зерттеу, олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту;
4. Тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу;
5. Ата-аналар комитетімен кездесу;
6. Оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайын қорғауға көмек көрсету;
7. Өз сыныбында сабаққа қатысып отыру және пән мұғалімдерімен жұмыс;
8. Сыныпта болған төтенше жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау.
 

 
Ата-ананың міндеті:
 
1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;
4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;
5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;
6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата-аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.
 

 

Жалпы кеңестер:

 
1. Оқушының жанұясына барып тұру.
Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде ,сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады.

Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек.

Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.

1. Ата-аналармен хат алмасу.
Кейбір сынып жетекшілері жанұямен байланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады.
Хат арқылы мектеп оқушысының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады.
Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай әдебиеттер оқитынын біліп, ол жөнінде тиісті жаңа кітаптар ұсынуға болады.
Ата-аналармен хат жазысуға оқушының күнделік дәптері пайдаланылады. Сынып жетекшілері онда оқушысының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі туралы қысқаша жазып отырады.

2. Сыныптық ата-аналар жиналысы.
Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі.
Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.

Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Біз, сынып жетекшілері ең бірінші өзіміздің жетекшілік етіп отырған сыныбымыздың ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек.

Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады. Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», «Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек» т.б.

Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз.

Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады.

Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.
Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.
Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;
7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14.Егер балаңы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. Халық даналығында:
«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,
15-ке дейін құлыңдай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.
Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса;
ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет.
Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.

Ата-аналар кодексінде: -Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті; -Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес;
-Баланы жақсы көргендізінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;
-Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар.
-Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп, күтіне білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,
Білімді жинап, дүниені шолатындай, - балаларыңыз, үлкен азамат болып өссің!
Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз.
Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген", - парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.
Ата-аналарға арналған этикалық кодекс

1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.
2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.
3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.
4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.
5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.
6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.
7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.
8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.
9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.
10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз.
11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.
12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз.
13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.
14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:
1. Сынып жетекшісі;
2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда);
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
4. Әлеуметтік педагог;
5. Мектеп басшысы.

Категория: Ата-аналарға

 
Назад Вперед